СҚО-да су қоймаларына көкшұбар мен пайдабалықтың 35,5 млн дернәсілі жіберілді

907

Сергеев және Петропавл су қоймаоарына 35,5 млн дана көкшұбар мен пайдабалық балығының дернәсілдері жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО-да су қоймаларына көкшұбар мен пайдабалықтың 35,5 млн дернәсілі жіберілді

Су айдындарына балық жіберу Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, жергілікті атқарушы органның, Петропавл балық питомнигі, "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Солтүстік филиалының өкілдерінен құралған комиссия арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жүзеге асырылды.

Айта кетейік, Петропавл балық питомнигі жылына орта есеппен су айдындарына 37 млн данаға жуық ақсақа тұқымдас балық түрлерінің дернәсілін және тұқы балығының шабақтарын жібереді.

Елімізде республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу