СҚО-да су тасқынына қарсы 70 шақырымдай бөгет салынды

1141

СҚО-да су тасқынына қарсы 70 шақырымдай бөгет салынды

Солтүстік Қазақстан облысының су басуы мүмкін ауылдарына 70 шақырымдай бөгет салынды, деп хабарлайды 24Хабар.

Өңірде қар еріп, өзен-көлдердің көбесі сөгілсе, 95 елді мекенге қауіп төнеді. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметкерлері құтқару шараларын пысықтап, табиғаттың тосын мінезіне тас-түйін дайын отыр. Көктемгі тасқынның алдын алу үшін 560 млн теңге қаржы бөлінген. Мамандардың айтуынша, Сергеев және Петропавл су қоймалары толуға жақын. Ал Шарық су қоймасы бос. Оған Ақмола облысынан ағатын қар суы құйылып, Есіл өзеніне қосылады.

"Біздің облыста 14 құтқаратын отряд, 16 қызмет бар. Әрбір ауданда, қалада штаб бар. 827 техника, 333 қайық бар. Сондықтан облыста, аудандарымызда дайындығымыз дұрыс деймін", – деді облыстық жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Нұрлан Бүркіталин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу