СҚО-да тексерулерден соң мердігерлер жол төсемін қайта ауыстырды

1034

СҚО-да 17 жол талапқа сай емес Солтүстік Қазақстан облысында жолдардың жағдайына қатысты әкімдік отырысы өтті.    

СҚО-да тексерулерден соң мердігерлер жол төсемін қайта ауыстырды

Биыл өңірде жолдың сапасын анықтауға қатысты 40 сынама алынса, соның 17-сі талапқа сай болмай шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жол активтері ұлттық сапа орталығының СҚО филиалы директорының орынбасары Арман Қайырбековтің айтуынша, орталық былтыр облыстық автомобиль жолдары басқармасымен 28 нысанға, 6 аудан мен 18 нысанға сараптама жүргізуге келісімге отырып, нәтижесінде барлық салынған жолдардың 56 %-ының сапасын бақылауға алды.

"Былтыр салынған жолдарға ішінара 206 рет шықтық. Төселген материалдардың 343 сынамасын алдық. Асфальтбетон бойынша 35 сынама талапқа сай болмай шықты. Бұдан басқа 305 олқылықты таптық. Тексеру қорытындысы бойынша ұйғарым жасалып, мердігер компаниялар 13,3 мың шаршы метр аумақтың жол төсемін ауыстырды. Осы мақсатқа 28,6 млн теңге жұмсалды", - дейді Арман Қайырбеков.

Өз ісіне жауапсыз қараған екі заңды тұлға – мердігер мен техникалық қадағалау 1,7 млн теңгеге әкімшілік жауапқа тартылды.

"Орталық биыл облыстық басқармамен 18,9 млн теңгеге келісімге отырды. Аудандар жол сапасын тексертуге асығар емес. Нәтижесінде барлық салынатын жолдардың 12 %-ына ғана сапа сараптамасын жасайды. Бұл республикадағы ең төменгі көрсеткіш. Жалпы жыл басынан біздің орталық облыстық маңызы бар жолдарға 13 рет шықты. Нәтижесінде 40 сынама алды. Оның 17-сінде сынама талапқа сай болған жоқ. Екі ескерту жасалды. Елдімекен көшелерінен 9 сынама алынды, соның біреуі бойынша ескерту болды", - дейді Арман Қайырбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу