СҚО-да тоқтаусыз жаңбырдан егін орағы кешеуілдеп жатыр

465

Әзірге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың тек 27% жиналды.

СҚО-да тоқтаусыз жаңбырдан егін орағы кешеуілдеп жатыр Фото: inbusiness.kz

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынның салдарынан егін орағы шамамен бір аптаға кешеуілдеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz СҚО Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқамасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тамыз айында 51,9 мм мөлшерінде жауын жауған. Бұл әдеттегі нормадан 108% артық. Жоғары ылғалдылық піскен астықты жинап алуды қиындатты. Салдарынан 30 тамыздан бастап 6 қыркүйекке дейін егін орағы уақытша тоқтатылды.

Жауын-шашын басылып, ауа райы тұрақтанғаннан кейін өңір диқандары науқанға қайта кірісті.

Қазіргі уақытта СҚО-да 919,1 мың га дәнді және дәнді-бұршақты алқаптың астығы бастырылды. Бұл – барлық аумақтың 27%.

Күзгі дала жұмыстарына 13 мың техника жұмылдырылған. Егін орағына 58,9 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Өңірде 317 астық кептіргіш бар, олардың өнімділігі сағатына – 9,7 мың тонна. Бүгінде барлығы іске қосылған. Жауын-шашынға байланысты қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігінде өңірлерге арзан бағамен қосымша дизель отынын бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Жанар-жағармай бидайды кептіруге пайдаланылмақ.

Ал "Қазгидромет" РМК мәліметінше, СҚО-да 11-12 қыркүйек күндері тағы да жауын жаумақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу