СҚО-да төрт адам донерден уланып қалды

151

Оқиға М. Жұмабаев ауданының Булаев қаласында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

СҚО-да төрт адам донерден уланып қалды Фото: canva

Солтүстік Қазақстан облысында өткен "Жастар" облыстық спартакиадасы кезінде төрт адам астан уланып қалды. 

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендердің үшеуі – кәмелетке толмағандар. Алдын ала деректерге сәйкес, олардың барлығы Булаев қаласы стадионы аумағындағы сауда нүктесінен донер сатып алып жеген.

М.Жұмабаев аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бұл дерек бойынша тергеу бастаған. Қазіргі таңда тағам сынамалары алынып, зертханалық тексерулер жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу