СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, заңбұзушылықтардың басым бөлігі жеке құрылыс нысандарында тіркелген. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, полицейлер 17-20 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың болу қағидаларын бұзудың 132 дерегін тіркеді. Сот шешімімен 10 адам ел аумағынан шығарылды.
Сондай-ақ еліміздің 104 азаматы жауапкершілікке тартылды. Көп жағдайда қабылдаушы тарап шетелден келген қонақтардың келуі туралы уәкілетті органдарды белгіленген мерзімде хабардар етпейді.
Полицейлердің айтуынша, "Мигрант" жедел-алдын алу іс-шарасы ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, Қазақстан Республикасы азаматтарының заңды мүдделерін қорғауға және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.