СҚО-да түрмеде жазасын өтеуші қаза тапты

502

Әзірге жазасын өтеушінің неден қайтыс болғаны белгісіз.

СҚО-да түрмеде жазасын өтеуші қаза тапты Фото: Егемен Қазақстан

Солтүстік Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №48 мекемесінде жазасын өтеуші қайтыс болды, деп жазады Inbusiness.kz.

"Оқиға 21 шілде күні болған. Петропавлдағы №48 мекемеде жазасын өтеп жатқан бірнеше адам арасында тұрмыстық жанжал шығып, әкімшілік қызметкерлері араласқаннан кейін басылған", - делінген СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кейін әңгіме барысында сотталғандардың бірі демала алмай, тұншыға бастаған. Мекеме қызметкерлері дереу жедел жәрдем қызметін шақырды. Мамандар келгенше өздері алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда, ол нәтиже бермей, келген жедел жәрдем дәрігерлері ер адамның өлгенін тіркеді.

"Бұл факті ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. СҚО Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу тағайындады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Әзірге, жазасын өтеушінің неден қайтыс болғаны белгісіз. Сарапшы денені сыртқы тексеру кезінде жарақат таппаған. Сотталғанның көз жұму себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу