Солтүстік Қазақстан облысында жабайы жануарларды қолдан азықтандыру маусымы басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Биыл облыс бойынша 2500 тонна шөп, 1800 тонна жем 500 мың данадан аса азықтық сыпыртқы және тұз дайындалды. Биыл қыс жұмсақ, қар аз болса да, жануарларға қосымша азық керек, дейді мамандар.
Облыста 47 аңшылық шаруашылық бар. Бұлан, қабан, елік, түлкі, борсық, қоян, құр, кекілік, сусары мекендейді. Соңғысының жойылып кету қаупі төніп тұр. Жабайы жануарларды азықтандыру наурыздың соңына дейін жалғасады. Мамандар әр аңның ерекшелігіне сай азығын дайындайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу