СҚО-да үй өртеніп, 4 адам қаза тапты

928

Өрт түнгі сағат 5:40-та толық сөндірілді.

СҚО-да үй өртеніп, 4 адам қаза тапты

Ақжар ауданы Май ауылында үй өртеніп, 4 адам көз жұмды. Бұл туралы СҚО ТЖД басшысының орынбасары Дмитрий Растихин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, 29 сәуірде түнгі сағат 03:28-де кезекші пультіне Май ауылында үй өртеніп жатқаны туралы ақпарат түскен. Ауылға ең жақын өрт сөндіру бөлімі 53 шақырым жерде орналасқан. Көршілер өрт кезінде үйде адамдар болғанын айтқан.

"Оқиға орына аудан орталығындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің мамандары шұғыл жетіп, дереу өртті сөндіруге кірісті. Оларға "Майское-Агро" шаруа қожалығының ерікті өртке қарсы құралымы көмектесті", – деді Дмитрий Растихин.

Ол оқыс оқиға салдарынан 4 адам қаза тапқанын жеткізді.

"Мамандар келгенге дейін жергілікті тұрғындар 1963 жылы туған әйелдің денесін сыртқа шығарды. Өртті сөндіру барысында 3 ер адамның денесі табылды. 1958 жылы туған үй иесі, 1975, 1967 жылдары туған үйде болған қонақтар", – деді СҚО ТЖД басшысының орынбасары.

Дмитрий Растихин өрт сөндірушілер үйден бір газ баллонын алып шыққанын атап өтті.

"Өрт түнгі сағат 5:40-та толық сөндірілді. Өртті сөндіруге 4 бірлік техника мен өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамы, 14 жергілікті тұрғын жұмылдырылды. Оқыс оқиға салдарынан үй толық өртеніп кетті. Оның себебі мен материалдық залал көлемі анықталып жатыр. Үйдің иесі ішімдік ішумен әуестенген", – деді басшының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу