СҚО-да үш жүкті әйел қызылшаға шалдықты

2618

Біреуінің ауруы асқынып, пневмонияға ұласқан.

СҚО-да үш жүкті әйел қызылшаға шалдықты

СҚО-да жыл басынан бері 200-ден астам адам қызылша жұқтырған. Оның тең жартысы балалар, деп хабарлайды astanatv.kz.

Науқастардың арасында үш жүкті әйел бар. Біреуінің ауруы асқынып, пневмонияға ауысқан.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың басым бөлігіне ауруға қарсы екпе жасалмаған. Қазір ақхалаттылар сәбилерге жаппай екпе жасауды қолға алды. Биылға 19 мың вакцина жоспарланыпты.

 "Бір әйел он апталық жүкті баламен өте қатты қызылшамен ауырып қалып, оған біз республикалық санитарлық авиацияны шақырдық. Енді қазір жағдайын жақсартып, пульманология бөлімшесінде емін әрі қарай алып жатыр. Барлық ем пневмониямен біткесін, жүкті тоқтататын жағдайды шешуге тырысамыз. Өйткені, жүкті әйел қызылшамен ауырып қалатын болса, болашақта туылатын нәрестеде туа біткен аурулар болуы мүмкін", – дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу