СҚО-да замануи сүт кешендері салынып жатыр

911

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 10 сүт кешені іске қосылатыны айтылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

СҚО-да замануи сүт кешендері салынып жатыр

"Жалпы 16 сүт кешені салынып жатыр. Олар толық қуатпен жұмыс істей бастаған кезде өңірде қосымша 28 мың тоннадан астам сүт өндірілетін болады. Осылайша өңір сүт өндіру көлемін ұлғайтып, импортқа тәуелділікті азайтады. Осы кешендердің 10-ы биыл жыл соңына дейін жұмысын бастайтын болады", - дейді СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов. 

Облыстағы ірі кәсіпорындар сүт пен ірімшік өнімдерінің жаңа түрлерін шығару бойынша заманауи желілерді іске қосып жатыр.

"Өңірде "Маслодел" және "Евразиан Милк" деген екі ірі сүт өңдеу кәсіпорыны бар. Олар сүт және ірімшік өнімдерінің жаңа түрлерін шығару бойынша заманауи желілерді іске қосуда. "Маслодел" зауытында "TetraPak" компаниясының ультрапастерленген сүтін өндіру бойынша 2 жаңа желі енгізілді, сондай-ақ "HASSIA" компаниясының қаймақ өндіру және орау бойынша желісі іске қосылды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 32 мың тонна шикізатты өңдеуге (87 мыңнан 119 мың тоннаға дейін) артты. Ал "Евразиан Милк–те"  сүт, сары май, қаймақ өндіру желілері іске қосылды және қатты сортты ірімшіктерді өндіру бойынша желілерді іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Осының барлығы жалпы өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді Тасмағанбетов. 

Оның айтуы бойынша, көрсеткіш бойынша СКО қазір республикада екінші орында. 

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу