СҚО-да жаңа жыл алдында шыршаларды қорғау шаралары күшейтілді

940

СҚО-да жаңа жыл алдында шыршаларды қорғау шаралары күшейтілді

Солтүстік Қазақстанда жаңа жыл алдында шыршаларды қорғау шаралары күшейтілді, деп хабарлайды 24Хабар.

Өңірде қылқанжапырақты ағаштарды сақтап қалу үшін 100-ден астам арнайы топ құрылды. Олар орман алқаптарын күні-түні күзетіп, күдікті көліктерді тексереді. Табиғат жанашырлары желтоқсанның 31-і де жұмыс істейді. Жалпы биыл облыс бойынша 500 шыршаны ғана кесуге рұқсат берілген. Оның өзі мектеп, бала-бақшаларға беріледі. Ал тұрғындар жаңа жыл ағашын сауда нүктелерінен сатып ала алады. Ескертуге құлақ аспайтындар қылмыстық жазаға тартылады.

"Осыдан бес жыл бұрын мереке алдында 10-15 адам ұсталатын. Қазір ондай оқиғалар тиылды. Адамдар шыршаны сатып алады. Соңғы 2 жылда бірде-бір дерек тіркелген жоқ", – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысы Василий Лабанчук.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу