СҚО-да жаңа жылдан бастап электр энергиясы қымбаттады

923

СҚО-да жаңа жылдан бастап электр энергиясы қымбаттады

Солтүстік Қазақстан облысында қаңтардың бірінен бастап электр энергиясы қымбаттады, деп хабарлайды 24.kz.

Енді қарапайым тұтынушылар әр киловатт сағатқа қосымша құн салығын қоса есептегенде 13 теңге 59 тиын төлейтін болды. Бұл – бес пайыздық өсім. Ал кәсіпкерлермен өзге де заңды тұлғалар үшін баға 5,2 пайызға артып, 16 теңге 32 тиынға дейін жоғарылады. 

Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында соңғы рет электр қуатының бағасы 2015 жылдың соңында өскен еді. Шаһарды газбен қамтып отырған компания алдағы уақытта көгілдір отынның тарифін 15 пайызға өсіруді жоспарлап отыр. Бұл мәселе енді қоғамдық тыңдауларда талқыға салынады.

"Электр энергиясын босату бағасының қымбаттауы тарифтің өзгеруіне әкеліп соқтырды. Негізгі себебі осы. Яғни салдарынан соңғы жылдары аталған компания біршама шығынға батты. Осының бәрін есептеп, біз жаңа орташа баға бекіттік", - дейді облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Наталья Шаяхметова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу