СҚО-да жарысқа бара жатқан жасөспірімдер командасы жолда қалды

523

Солтүстік Қазақстан облысында жарысқа шыққан гір көтерушілердің жасөспірімдер командасы жолда қалып, полицейлер аязда тоңған балаларды құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖД сілтеме жасап.  

СҚО-да жарысқа бара жатқан жасөспірімдер командасы жолда қалды Фото: gov.kz

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Уәлиханов ауданының гір көтеруші жасөспірімдер командасы жаттықтырушымен бірге Тәуелсіздік күніне орай Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен жарысқа қатысқан. Команда құрамында алты бала болған. Үйге қайтып келе жатқанда көлік сынып, Тайынша ауданының аумағында Жаңадәуір ауылының маңында машина жолда қалады.

Жаттықтырушы Уәлиханов ауданының полиция бөліміне хабарласып көмек сұраған.

"Біз келсек балалар тоңа бастапты. Сондықтан оларды алдымен жылы жерге жеткізу керек болды. Кейін "ГАЗель" көлігін Чкалов ауылына сүйреп апардық. Жүргізуші мен жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырдық. Сынған машинаны техникалық қызмет көрсету орталығына жеткіздік", - дейді полиция подполковнигі Аслан Досмұқанов.

Жас спортшыларды алып кету үшін аудан орталығы Кішкенекөлден басқа көлік келді. Ал балалар үйлеріне аман жетуі үшін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері олардың алдында жүріп отырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу