Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Семиполка ауылында бір үйдің екі адамы өрттен қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
СҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, ауылға ең жақын өрт сөндіру бөлімшесі 40 км қашықтықта орналасқан.
Қайғылы жағдай бүгін таңғы 4.50 кезінде болған.
"Өрт сөндірушілер келгенде үй толық отқа оранып үлгерген екен. Есік іштен жабық болған. Тек таңғы 9.30 шамасында ғана өрт толық сөндірілді. Оқиға орнынан бір адамның денесі табылды. Көршілердің айтуынша, үйде ер және әйел адам тұрған. Сондықтан қазір екіншісінің денесі ізделіп жатыр", - дейді Дмитрий Растихин.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу