Шал ақын ауданының Сергеевка қаласының маңындағы Жезқазған-Петропавл республикалық автожолының 785 шақырымында Audi C4 автокөлігі Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның 24 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан Shacman жүк көлігімен соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан Audi C4 жүргізушісі мен жолаушысы, Тимирязев ауданының 54 және 40 жастағы тұрғындары жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.