Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколовка ауылының маңындағы Есіл-Петропавл автожолының 39-шақырымында Toyota Land Cruiser және Toyota Alphard автокөліктері соқтығысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"6 адам зардап шекті, олардың арасында оқиға орнында қайтыс болған 64 жастағы Toyota Alphard жолаушысы бар. Қалған зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.
Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, екі көлік жүргізушісі де алкоголь өнімдерін тұтынбаған.
"Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа орналастырылған. ЖКО фактісі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді полиция қызметкерлері.