СҚО-да жүк көлігі жолдан шығып аударылып кеткен

164

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында жол апаты салдарынан көлік кабинасында қысылып қалған жүргізуші құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

СҚО-да жүк көлігі жолдан шығып аударылып кеткен Фото: Бейнежазбадан

Оқиға Талшық ауылы маңындағы республикалық маңызы бар жолда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.

– 1962 жылы туған азамат көлік кабинасында қысылып қалған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен оны сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу