СҚО-да коммуналдық төлем ақысы тағы да қымбаттады. Бұл жолы заңды тұлғалар үшін жылу бағасының құны үш пайызға дейін артып отыр. Жаңа тариф сәуірдің бірінен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды 24.kz.
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің мамандары мұны көмір бағасының өсуімен байланыстырып отыр. Енді өңір кәсіпкерлері килокалорий жылу үшін 5 мың 748 теңге төлейтін болады. Ал жылу есептегіш құралдары жоқтарға бұл көрсеткіш 8 мың 803 теңгені құрамақ.
Айта кету керек, бұл – қосымша құн салығынсыз баға.
"Есептегіш құралдары жоқ заңды тұлғаларға баға 1 килокалорий үшін 157 теңгеге, ал бұл құрылғы жоқтарға 241 теңгеге қымбаттап отыр. Себеп біреу ғана. Елімізде жыл басынан бері қатты отынның құны артып келеді. Айта кету қажет, бекітілген бұл тариф үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін сақталатын болады", - дейді облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы Елена Ганзёра.