СҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 30 маусым күні Қызылжар ауданы "Абакшино" демалыс аумағындағы хайуанаттар бағында болған.
Жедел жәрдем бригадасы зардап шегушіге медициналық көмек көрсетті, содан кейін ол ауруханаға жатқызылды. Көп қан жоғалтқан ер адамның бір қолын ампутациялауға тура келді, дәрігерлер қазіргі уақытта екінші қолын аман сақтап қалу үшін күресіп жатыр.
"Жедел-тергеу тобының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтады. Зардап шеккен 43 жастағы ер адам 6 маусымда осы демалыс аймағына сынақ мерзіміне жұмысқа қабылданған. Оның міндетіне аумақты жинау және жануарларды азықтандыру кірген. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді", делінген хабарламада.
Аталған жағдай бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.