СҚО-дағы балалар ауруханасына алғашқы МРТ аппараты орнатылды. Жаңа аппараттың жылына 4 мың баланы қабылдауға мүмкіндігі бар, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар 2022 жылы балалар ауруханасына жаңа компьютерлік томограф, ота жасалатын және оңалту қондырғылары орнатылған көрінеді.
Облыс әкімі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бұның барлығы балалардың сапалы ем алуы үшін жасалып отыр.
Ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері 1,6 мың бала ересектерге арналған облыстық ауруханада МРТ-ден өткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу