СҚО-дағы кен байыту комбинатында төбелестен 10 адам жарақат алды

849

Жанжал кеше Тайынша ауданындағы Обуховский кәсіпорнында болған.  

СҚО-дағы кен байыту комбинатында төбелестен 10 адам жарақат алды

Солтүстік Қазақстан облысынғы кен байыту комбинатында жаппай  төбелес болып, 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды Atameken Business.

30-ға жуық адам комбинат аумағына басып кіріп, жұмысшыларды соққыға жыққан. Құзырлы органдардың дерегінше, бұзақылар Қарағандыдағы "Тиолайн" компаниясының құрылтайшылары. Олар бұған дейін де тапқан табысты бөлісе алмай, сотқа да жүгінген.

Осы жолы күзет агенттігінің өкілдерін ерте келіп, бұл мәселені жұдырықпен шешпек болған сыңайлы. Жаппай төбелес салдарынан 10 шақты адам ауруханаға түскен. Ал 94 және 98 жылғы күдіктілер бұзақылық бабы бойынша қамауға алынған. Сондай-ақ, күзет агенттігінің өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу