СҚО-дағы Сергеев су қоймасына қосымша бөгет салынатын болды

1010

СҚО-дағы Сергеев су қоймасына қосымша бөгет салынатын болды

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысына арнайы іссапармен барған ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті.

Көзделіп отырған бөгет Ақмола және Қарағанды облыстары бағытынан келетін суды ұстап қалуға арналған. Осылайша Сергеев су қоймасына судың шектен тыс құйылуына тосқауыл қойылады.  Сондай-ақ инженерлік құрылым  миллиард текше метрдей суды реттеп,  Солтүстік Қазақстан аумағында Есіл өзені  бойындағы елдімекендерді су басу қаупін сейілтпек. Бүгінгі таңда бөгеттің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жайы қарастырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу