СҚО-ға Чехиядан асылтұқымды ірі қара жеткізілді

1149

Қазір олар карантинге жабылған. 

СҚО-ға Чехиядан асылтұқымды ірі қара жеткізілді

Солтүстік Қазақстан облысына бірінші рет Чехия елінен асылтұқымды мал әкелінді, деп хабарлайды 24.kz.

Донецкое ауылындағы фермер Сәкен Нұрғалиев "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 60 бас симментал тұқымды ірі қара сатып алды. Жүк көліктерімен бес мың шақырым жол жүріп келген Зеңгі баба төлдері қазір карантинге жабылған. Енді кәсіпкер оларға жайылым жер алуды жоспарлап отыр.

Жалпы, өңірде былтыр мемлекеттік бағдарлама бойынша 530 млн теңгенің 15 жобасы жүзеге асты. Бұл қаржыға Ресей, Татарстан және Чехия елдерінен сүтті және етті бағытында 1 мың бас мал алынды.

"Айта кету керек, бағдарламаның ерекшелігі, 14 пайызбен берілгенімен, 10 пайызы субсидия арқылы жабылады. 4 пайызын ғана төлейтін болады. Биыл жоспар бойынша 1 мың 50 бас әкелу жоспарланып отыр", – дейді , қаржы ұйымының филиал директоры Абылай Нұркенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу