СҚО-ға көмекке елордадан қосымша жасақ жетті

933

Сілеті қоймасынан құлаған су Қулыкөл және Қаратал ауылдарына қауіп төндірді.

СҚО-ға көмекке елордадан қосымша жасақ жетті

СҚО-да Сілеті қоймасынан құлаған су облыс орталығынан шалғайда жатқан Қулыкөл және Қаратал ауылдарына қауіп төндірді, деп хабарлайды 24.kz.

60-қа жуық үй түтін түтетіп отырған Қаратал ауылының тұрғындары тасқынға жылда дайындалады. Өйткені топан су аталған елдімекенді осыған дейін де бірнеше рет басып қалған.

Қазір тасқын су екі ауыл арасын жалғайтын күре жолды шайып жатыр. Осыған байланысты мұнда жедел штаб ашылып, құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауды бастады. Алайда, халық  үй-жайларын тастап кетуге  асығар емес.

Уәлиханов ауданындағы жағдай қазір мамандардың жіті бақылауында. Көмекке елордадан қосымша жасақ та жетті. Қазір мұнда 40-қа жуық құтқарушы еңбек етіп жатыр.

"Орталықтан күш көмек ретінде қазіргі таңда үш бірлік жоғары өтімді техникалар, қайықтар және де 14 адам жеке құрам келіп отыр.  Аталған күш пен құралдар қазіргі таңда тиісті іс-шараларды ұйымдастыруға жеткілікті", – дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу