СҚО-ға көшіп барғандарға қандай талап қойылады

2781

Қойылған талаптарға сай болғандарға ғана су жаңа коттедждiң кiлтi табыс етіледі.

СҚО-ға көшіп барғандарға қандай талап қойылады

Солтүстiк Қазақстан облысында көшiп келушiлерге коттедждер салынып жатыр. Жалпы саны – 3 мың үй. Әл-ауқаты жоғары 150 ауыл бекiтiлдi, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Көшiп келушiлерге бiрнеше талап қоямыз. Әр отбасыда 3-4 бала болу қажет. Сұранысқа ие мамандар керек. Агроном, мұғалiм, тракторшы, комбайншы, дәрiгерге тұрақты жұмыс берiледi. Балаларға мектеп пен балабақша дайын. Осы талаптарға сай болса, отбасыға су жаңа коттедждiң кiлтiн табыс етемiз", — дедi Құмар Ақсақалов БАҚ өкiлдерiне берген сұхбатында.

Сондай-ақ, басқа мемлекеттiк бағдарламалармен көшiп келсе, көтерме ақы төленбек. Егер отбасы басқа үйдi сатып алса немесе жалдаса, мемлекет 600 мың теңге шығынды қайтарады. Оған қоса, әр отбасыға субсидия төленедi. Мысалы, 5 адамнан тұратын отбасы 450 мың теңге субсидия алады.

Солтүстiкке оңтүстiк облыстардан соңғы жылдары 3 мың адам көшiп келдi. Бұл – 700 отбасы. Биылдың өзiнде 1,5 мың адам қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу