СҚО-ға көшіп келгендерге арналған үйлердің кемшілігі түзетіледі

878

Солтүстікке көшкендерге арналған үйлердің сапасын тексеретін жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

СҚО-ға көшіп келгендерге арналған үйлердің кемшілігі түзетіледі

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында қоныс аударушыларға арналып үйлер салынған. Ол жаққа көшіп барғандардың айтуынша, баспаналар тұруға қолайсыз, сапасыз. Мәселе Мемлекет басшысының да құлағына жеткен. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлаған еді: "Мемлекет басшысы "Казахстанская правда" газетінде 24 мамыр күні жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады".

ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрылыстың сапасын тексеретін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері кірді.

"Жұмыс тобының мүшелері тұрғындардың барлық шағымдарын қарап, салынған үйлерді тексереді және сараптамалық қорытынды жасайды. Оның қорытындысы бойынша сапасыз орындалған жұмыстар түзетіледі",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу