Жаңа оқу жылының қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мектептері жаңа автобустарға ие болды.
Автобустар кондиционер, жылдамдықты шектегіш және қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған. Бұл көлік ерекше қажеттіліктері бар балаларға бейімделген: пандус пен жүргізушіні шақыру түймесі орнатылған.
Биыл 49 білім беру нысанында күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,2 млрд теңге бағытталды. Сонымен қатар, оқу орындары тәулік бойы мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етуге қаражат бөлінді.
Жаңа оқу жылында 1-4 сынып оқушылары мен балабақшаларда әлеуметтік тұрғында аз қамтылған отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтылады.