СҚО-ның прокуроры тағайындалды

1939

Тайымбетов Бағбанның прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 27 жылдан асады.

СҚО-ның прокуроры тағайындалды

3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тайымбетов Бағбан Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бағбан Тайымбетов 1963 жылы туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Прокуратура органдарындағы қызметін 1989 жылы бастаған. Басшылық лауазымдарда еңбек тәжірибесі мол. Қарағанды, Қызылорда облысы және Алматы қаласы прокурорларының орынбасары, сондай-ақ Жамбыл және Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 27 жылдан асады. Заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістігі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу