СҚО-ның Тайынша ауданына жаңа әкім тағайындалды

515

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының активіне жаңа әкім Руслан Аңбаев таныстырылды.  

СҚО-ның Тайынша ауданына жаңа әкім тағайындалды

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнің өкiмiмен Тайынша ауданының әкімі болып Руслан Әкімжанұлы Аңбаев тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан активіне жаңа әкімді өңір басшысы Құмар Ақсақалов таныстырды.

 Руслан Аңбаев СҚО, Тимирязев ауданына қарасты Целинное елді мекенінде 1978 жылы қараша айында дүниеге келген.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан университетiн экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдады, сондай-ақ юриспруденция бакалаврын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша салық комитетiнде аудит бөлiмiнiң аға салық инспекторы болып бастады.

2002 жылдан 2015 жылға дейiн Есіл, Тайынша және Тимирязев аудандарындағы салық қызметі органдарында әртүрлі қызметтерді атқарды.

2015-2019 жылдар аралығында СҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2019 жылдың қаңтарынан соңғы тағайындауға дейін Мамлют ауданының әкімі болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу