СҚО субсидиялау бойынша бірінші орынды иеленді

718

СҚО субсидиялау бойынша бірінші орынды иеленді

2016 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы демеуқаржыландыру өсiмiнен бiрiншi орынды және екiншi деңгейлi банктердiң несиелеріне кепiлдiк беруден республика бойынша үшiншi орынды иеленді, деп хабарлады strategy2050.kz.

Бағдарламаның негiзгi мақсаты — жаңа жұмыс орындарын сақтау мен құру. Бiрыңғай бағдарламаның қатысушылары үшiн 2014-2016 жылдары 16 мың жұмыс орны сақталды.

"2014-2016 жылдары шағын кәсiпкерлiк субьектiлерiнiң 699 өтiнiмi мақұлданды, оның iшiнде 516 өтiнiмнiң сыйақы ставкасы демеуқаржыландырылды", — дедi Құралай Жарова.

"Бизнестiң жол картасы-2020" атты бизнестi қолдау мен дамытуға арналған бiрыңғай бағдарлама болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн 2014-2016 жылдары өңiрге республикалық бюджеттен 5,7 млрд. теңге көлемiнде мақсатты трансферттер бөлiндi, оның 3,7 млрд. теңгесi сыйақы ставкасының бөлiгiн демеуқаржыландыруға, кепiлдендiруге, гранттық қаржыландыруға, 2 млрд. теңгесi өндiрiстiк инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалды.

Әрi қарай Құралай Жарова гранттық қаржыландыру тетiктерi жайлы айтып берді.

2014-2016 жылдары гранттық қаржыландыру тетiктерi бойынша аудандар мен Петропавл қаласындағы кәсiпкерлдердiң 101 өтiнiмi қаралып, оның 17 жобасына 53,2 млн. теңге бөлiнген.

Бұдан басқа, 2014-2016 жылдары өндiрiстiк инфрақұрылымдарды дамыту тетiктерi бойынша 17 жобаның сомасы 2 млрд. теңгенi құрайтын 13 жобасы жүзеге асырылды. Кәсiпкерлермен 47 жаңа жұмыс орны ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу