СҚО тұрғындары балаларына екпе жасатудан бас тартты

703

СҚО тұрғындары балаларына екпе жасатудан бас тартты

Солтүстік Қазақстан облысында 270-тен астам ата-ана балаларына екпе жасатудан бас тартқан, деп хабалайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы  өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Серікбай Қасқамасов айтты.

Вакцинациналаудан бас тартуға адамдардың жеке бас пікірі, бұқаралық ақпарат құралдарының екпенің жас ағзаға кері әсері жайында тарататын ақпараты себеп болып жатады. Санитарлық дәрігердің айтуынша, діни тұрғыдан бас тартып жататын жағдайлар аз кездеседі.

"Мемлекет халықты, балаларды қорғауға қаражат бөледі, алайда кейбір ата-аналар білместіктен немесе жеке себептермен баланың екпе алуын  шектейді. Сол үшін біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Былтыр бас тартқандардың ішінен 190 адамға екпе жасадық, дегенмен жаңадан бас тартушылар шығып жатыр", - деді Серікбай Қасмақасов.

Дәрігер 22 инфекцияға қарсы профилактикалық екпелердің егіліп жатқанын айтты.

"Инфекцияға қарсы екпе сәби туыла сала жасалып,  56 жаста тоқтатылады. Ересектер қауымы 26, 36, 46 және 56 жаста дифтерияға қарсы егіледі. Кей жағдайларда әртүрлі жарақаттар алған ересек адамдарға сіреспе ауруына, құтыруға қарсы екпе жасалады", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу