Смартфонмен сауда жасайтын қазақстандықтардың саны артты

678

Электронды коммерцияны дамытудың 2019-2025  жылдарға арналған жол картасы қабылданды.

Смартфонмен сауда жасайтын қазақстандықтардың саны артты

Былтыр еліміздегі электронды сауда нарығының көлемі 1,8 есеге өсіп, 700 млрд теңгеден асты. Ал электронды сауданың бөлшек саудадағы үлесі 3,7%-ға жетті. Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді.

Министрдің мәлімдеуінше, ел аумағындағы интернет-дүкендерден сатып алу көлемі 422 млрд, халықаралық интернет-алаңдары бойынша жасалған сауда 280 млрд теңгені құрады.  

"2019 жылы белсенді сатып алушылардың саны 72%-ға артып, 3,2 млн адамға жетті. Смартфонмен сауда жасайтын қазақстандықтардың саны 65%-ға жақындады", – деді Бақыт Сұлтанов.

Оның сөзінше, былтыр  электрондық коммерцияны дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған жол картасы қабылданды. 

"Бұл құжаттағы шаралар 3 бағыт бойынша құрылымдалған. Бірінші - электронды саудада экспортты арттыру. Екінші – отандық кәсіпкерлерді электрондық саудаға тарту және инфрақұрылымды дамыту. Үшінші – тұтынушылардың құқықтарын қорғау және электронды сауданы ілгерілету", – деді Бақыт Сұлтанов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу