Ауғанстанның солтүстігінде "Талибан" қозғалысының содырлары үш автобустың жолаушыларын ұрлап кетті, деп хабарлады дүйсенбі күні жергілікті БАҚ.
"Тахар-Кабул" тас жолының бойындағы Құндыз провинциясының аумағында орналасқан "Ханабад" елдімекені маңында содырлар үш автобусты тоқтатып, жолаушыларын ұрлап кетті", – делінеді хабарламада.
Олар әзірше талаптарын айтқан жоқ. Қанша жолаушыны ұрлағаны да белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу