Сөгіс алған Брекешев киік популяциясы мәселесін ғылыми зерттеуге ақша сұрады

646

Бұл өтінішін бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сөгіс алған Брекешев киік популяциясы мәселесін ғылыми зерттеуге ақша сұрады

"Кеше ғылым және салалық ассоциациялардың қатысуымен жиын өткіздік. Келесідей шешімге келдік. Бірінші, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу қажет. Биыл Зоология институты Ғылым және жоғары білім министрлігіне 2022-2024 жылдарға арналған жобаны қаржыландыруға өтінім берген, өкінішке қарай, жоба қабылданбады. Осыған байланысты, Әлихан Асханұлы (премьер-министр – авт.), осы жобаларды қаржыландыруды биылдан бастап қарастыруды сұраймыз. Екінші, мұндай зерттеулер қорытындысы шыққанша, ауыл шаруашылығымен айналысатындарға киіктерден келген залалды анықтау және өтемақы беру мәселесін қарау керек", – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Айта кетейік, бұған дейін киіктер санын атып реттеу керек дегенді айтқан Брекешевті кейбір сарапшылар мен халық сынады.

Қоғам резонансы туындағаннан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған сөгіс жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу