Солтүстік Қазақстан Қытаймен ынтымақтастықты кеңейтуде

800

Солтүстік Қазақстан Қытаймен ынтымақтастықты кеңейтуде

Солтүстiк Қазақстан облысына өңiрдiң инвестициялық әлеуетiмен танысу мақсатында Шэньси провинциясының Сиань қаласынан делегация тобы келдi. Кездесудi ашқан облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы айтты, деп хабарлады СҚО баспасөз қызметі.

"Облыс жылына 500 мың тонна сүт, 90 мың тонна ет, 600 миллион дана жұмыртқа шығарады. Бiз органикалық, экологиялық таза өнiм өндiремiз. Бүгiнде ҚР Үкiметi мен ҚХР арасында бiздiң азық-түлiк өнiмдерiн Қытайға экспортқа шығару бойынша келiссөздер жүргiзiлуде. Өнiмдерiмiздiң сапасы жоғары және бәсекеге қабiлеттi", — дедi өңiр басшысы.

Жақында ғана СҚО-да Қазақстан-Қытай жобасы iске қосылып, "Айцзю" компаниясы Тайынша ауданында майлы дақылдарды өңдейтiн зауыт ашты. Ерiк Сұлтановтың сөзiне қарағанда, облыста инвестиция аударудың өзге де тиiмдi көздерi бар. Дәстүрлi аграрлық және машина жасау саласынан бөлек, басқа да бизнес-жоспарлар мен бiрлескен жобаларды жүзеге асырудың мүмкiндiктерi көп. Бұл жөнiнде толығырақ облыс әкiмiнiң орынбасары Ратмир Ахметов баяндады.

Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту мемлекеттiк деңгейде қолдауға ие. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнiмдiлiктi арттыру, мал шаруашылығы өнiмiнiң сапасын жоғарылату саласы субсидияланады. Мал шаруашылығын дамыту кезiнде iрi қара мал терiсi мен жүнiн өңдейтiн өндiрiс ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн шикiзат пайда болады.

Сондай-ақ, облыс әкiмi қонақтарды инвестициялық және кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу бойынша жеңiлдiктер жөнiнде хабардар еттi.

Жобаларды жүзеге асыру кезiнде экономиканың басым бағыттары бұл корпоративтi және жер салығынан 10 жылға, мүлiк салығынан 8 жылға босату және құрылыс-монтаждау жұмыстары мен құрылғыларды сатып алуға жұмсалған қаражаттың 30%-ын қайтарып бередi. Жобаларды жүзеге асыру барысында "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" кәсiпкерлiктi қолдау және дамытудың бiрыңғай бағдарламасы арқылы кәсiпкерлер мемлекеттiк қолдауды белсендi пайдаланады.

Өз кезегiнде Шэньси провинциясындағы Сиань қаласының Жалпықытайлық халық өкiлдерi жиналысының Тұрақты комитет төрағасы Чэнь Баогэнь Солтүстiк Қазақстан облысының басшылығына қонақжайлылығы үшiн алғысын бiлдiрiп, солтүстiк өңiрiнiң зор әлеуетiн атап өттi.

"Сiздерге расын айтайын, Қытайда осындай аз уақытта зауыт салынбас едi. Мен Қазақстанның инвестицияларды қабылдау мен дамытуға даяр екенiн көрдiм. Солтүстiк Қазақстан облысына "Айцзю" компаниясының кәсiпорын салуы өңiрдiң ауыл шаруашылық кешенi мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеудi дамытуға әсерiн тигiзедi", – дедi.

Сиань қаласының Жалпықытайлық халық өкiлдерi жиналысының Тұрақты комитет төрағасы Чэнь Баогэнь қытайлық инвесторлар арасынан да "Айцзю" компаниясының мысалында Солтүстiк Қазақстан жерiнде жобаларды жүзеге асыруға тiлек бiлдiрушiлердiң табылатынына сенiмiн бiлдiрдi.

Кездесу соңында тараптар екiжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов осы кездесу өңiрлер арасында өзара iскерлiк және достық байланыстардың табысты дамуына ықпалын тигiзетiндiгiн атап өттi.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу