Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы жемқорлық күдігімен ұсталғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы сотқа дейінгі тергеу шаралары аясында ұсталғанын растайды. Кейін қосымша ақпарат береміз", - делінген агенттіктің ресми мәліметінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу