Солтүстік Қазақстан облысын дамытуға 1,8 трлн теңге қажет

819

Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары таныстырылды. 

Солтүстік Қазақстан облысын дамытуға 1,8 трлн теңге қажет

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жоспар 4 бағыттан, 87 іс-шарадан тұратынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Кешенді жоспар инвестициялық жобаларды іске асыруды, тұрғын үй және өзге де инфрақұрылымды сонымен қатар әлеуметтік саланы дамытуды, қоғамдық құқықтық тәртіп пен азаматтық қорғауды қамтамасыз етуді көздейтін 4 бағыттан және 87 іс-шарадан тұрады", – деді министр. 

Әсет Ерғалиевтің сөзінше, жоспарды жүзеге асыруға 1,8 трлн теңге қажет. 
Қаражаттың 517,9 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 43,9 млрд теңгесі 
жергілікті бюджеттен, 1,3 трлн теңге жеке инвестициядан құралады. 

"Жоспар аясында 1,4 трлн теңгенің 64 инвестициялық жобасы іске асырылады. Жобалар АӨК, өнеркәсіп, көлік-логистика, туризм және спорт салалаларын дамытуға бағытталады. АӨК бағыты бойынша 52 сүтті-тауар фермасы, құрама жем зауыты, 3 бордақылау алаңы, 2 құс фабрикасы, жылыжай кешені салынады. Өнеркәсіп бағыты бойынша арнайы экономикалық аймақ аумағында CLAAS ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін оқшаулау, JOHN DEERE сервис орталығы, "Ақсоран" және "Баян" вольфрам-молибден кен орындарын игеру көзделген", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу