Солтүстік Қазақстан облысына 68 рет ұшып барып келуге болады

828

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қойма және сауда алаңдарымен қамтамасыз ету үшін "Қызылжар" сауда-логистикалық хабы құрылатынын мәлімдеді. 

Солтүстік Қазақстан облысына 68 рет ұшып барып келуге болады

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстыру барысында баяндалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қызметтік белсенділікті дамыту үшін авиарейстер саны айына 16-дан 68-ге дейін артады. Өңірде туристік әлеуетті күшейту және спортты дамыту мақсатында Имантау-Шалқар курорт аймағында көпфункционалды туристік кешен салынады. Бұған қоса 100 адамға арналған қонақ үйі бар спорт орталығы, Петропавл қаласында 3 мың орынға арналған көпфункционалды спорт сарайы бой көтереді", – деді Әсет Ерғалиев. 

Министрдің мәлімдеуінше, облыста кәсіпкерлікті дамыту үшін "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант тағайындау шарасы қолға алынады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу