Солтүстік Қазақстан облысында әйелін қайта-қайта балағаттаған ер адам 10 тәулікке қамалды

119

Облыстық соттың мәліметінше, әкімшілік іс Қызылжар аудандық сотында қаралған.   

Солтүстік Қазақстан облысында әйелін қайта-қайта балағаттаған ер адам 10 тәулікке қамалды Фото: Устинка

Сот барысында анықталғандай, азамат С. бұған дейін де отбасылық жанжал кезінде әйелін тілдеп, сол үшін жауапқа тартылған. Алайда арада бір жыл өтпей жатып, ол тағы да үйінде дау шығарып, әйеліне ауыр сөздер айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тергеу кезінде С. кінәсін мойындап, әйелімен сөзге келіп қалғанын және ашу үстінде балағаттағанын айтқан.

Сот оның кінәсі тергеу материалдары, әкімшілік хаттама және бұрынғы жазалары арқылы толық дәлелденгенін атап өтті. Нәтижесінде ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар оған алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу