СҚО-да ауыл тұрғындары сиыр сүтін қайда өткізерлерін білмей отыр

1161

СҚО-да ауыл тұрғындары сиыр сүтін қайда өткізерлерін білмей отыр

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары сиырдан сауған сүтті қайда өткізерлерін білмейді, себебі сүт зауыттары оны сатып  алмайды, деп хабарлайды КазТАГ.

Аталған мәселені  СҚО әкімі Құмар Ақсақаловпен арада болған әңгімеде  Мамлют ауданының фермері Ислям Умаров көтерді.

"Шарт жасасқан "Молочный союз" ЖШС  аптасына 3 күн Белое ауылы тұрғындарынан сүт қабылдамайды. Жұбайым күн сайын 270 литр сүтті өткізетін жер болмағандықтан, сепаратордан өткізуге мәжбүр. Сүт зауыттары 40 пайыз сүт жетіспейді деп шағымданады, ал бүгін енді сүт көп деп отыр", – деді И.Умаров өңір басшысына.

Фермер зауыт сонымен қатар сатып алатын сүттің бағасын да төмендеткенін айтып берді.

"Шарт бойынша оның бағасы 95 теңге, ал бүгінде әр литрін 80 теңгеден қабылдап жатыр.  Біз үшін бұл  шығын әкеледі. Баға 95 теңге болғанда мен әр литрінен 10 теңге табыс табамын, одан төмен біз үшін – шығынды", – деп түсіндірді И.Умаров.

"Сүт зауыттарының жүктелімін тексеретін боламыз.  Олар толық жүктемемен жұмыс істеп жатқан жоқ. Сіздерге көмектесеміз", – деп уәде етті СҚО әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу