Солтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылығының жерлері мемлекетке қайтарылды

194

Прокуратура пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. 

 Солтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылығының жерлері мемлекетке қайтарылды Фото: CMN.KZ.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бері қадағалау органы кадастрлық құны 932 млн теңгені құрайтын жалпы ауданы 49 мың га асатын жерлерді мемлекетке қайтарды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 
 
Ақжар, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 42 жер телімін мақсатты пайдаланбаған.

 
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған жерлер мемлекетке қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда.
 
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы аясында қайтарылған жерлерді ауылдық жерлерде тұратын адал субъектілерге пайдалануға беруге бағытталған.
 
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу