Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше ауылдың атауы өзгертілмек

494

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше ауылдың атауы өзгертілмек Фото: inbusiness.kz

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" бірлескен құжаты дайындалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Айыртау ауданында:

"Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылы - Қамсақты ауылы;

Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылы - Баянтай ауылы деп қайта аталсын.

Шал ақын ауданында:

Кривощеков ауылдық округі - Арай ауылдық округі

Кривощеково ауылы - Арай ауылы деп қайта аталсын", делінген хабарламада.

Құжат 7 қыркүйекке дейін қоғам талқылауына шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу