Із-түзсіз жоғалған адам дронның көмегімен табылды

220

Ер адам ауылдан жылқыларды айдауға шығып, жоғалып кеткен. 

Із-түзсіз жоғалған адам дронның көмегімен табылды Фото: Устинка

Айыртау ауданындағы Имантау мен Арықбалық ауылдарының арасында ТЖД құтқарушылары, ПД мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және ауыл тұрғындары бірлесіп 1981 жылы туған азаматты іздеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Іздеуді күшейту үшін дрон қолданылды.

Құтқарушылар Имантау ауылынан 8 км қашықтықтағы ашық аумақтан жоғалған азаматты аман-есен тауып, елді мекенге жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу