Солтүстік Қазақстан облысында әскерге кетіп бара жатқанда пойыздан қашып кеткен екі жігіт ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
27 сәуірде Петропавлда әскерге шақырылғандарды қызметтік орнына жөнелту кезінде пойыздан екі жігіт қашып кеткен. Содан кейін оларға іздеу салынды.
"Осы уақыт бойы олар Солтүстік Қазақстан облысының аумағында болды. Қазіргі уақытта Щучье гарнизонының әскери полициясы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, оның барысында істің барлық мән-жайы анықталады", - деп хабарлады Петропавл гарнизонының әскери прокуроры Мейіржан Қасымжанов Tengrinews.kz сайтына.
Мейіржан Қасымжанов жігіттердің не себепті қашқаны және олардың әрі қарай тағдыры тергеу аяқталған соң белгілі болатынын айтты.