Солтүстік Қазақстан облысында мектептегі интернет үшін 75 млн теңге негізсіз жұмсала жаздаған

281

Солтүстік Қазақстан облысында мектептерге интернет қосу бойынша бөлінген қаржы дұрыс пайдаланылмаған.  

Солтүстік Қазақстан облысында мектептегі интернет үшін 75 млн теңге негізсіз жұмсала жаздаған Фото: azh.kz

Прокуратураның жүргізген тексеріс нәтижесінде 75,8 миллион теңге көлеміндегі негізсіз шығынның жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айыртау, Ақжар, Есіл, Мамлют, Тайынша, Уәлиханов және тағы екі аудандағы білім бөлімдері интернетке қосу қызметіне 360 миллион теңгеден астам сомаға шарт жасаған. Алайда көрсетілген қызмет техникалық талаптарға сай болмаған.

Мысалы, Ақжар ауданында мұғалімдер интернеттің жылдамдығы талапқа сай келмегендіктен, маршрутизаторды өз ақшасына сатып алған.

Тексеру қорытындысымен кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, шарттарға түзету енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу