Солтүстік Қазақстан облысында үш мектеп салынуда

1072

Жаңа оқу жылында "Жас Өркен" ықшам ауданында 900 орындық және Бескөлде 300 орындық заманауи мектеп ашылады.

Солтүстік Қазақстан облысында үш мектеп салынуда

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзінше, өңірдегі мектептер екi аптадан кейiн басталатын жаңа оқу жылына қызу дайындалуда. Былтыр өңірдегі 142 мектеп жаңарса, биыл 107 бiлiм ордасы жөнделуде. Осылайша, екi жыл iшiнде өңiр мектептерiнiң жартысы жаңартылмақ.

"Үш мектеп салынуда. Жаңа оқу жылында "Жас Өркен" ықшам ауданында 900 орындық және Бескөлде 300 орындық заманауи мектеп ашылады. Барлық мектеп бейнебақылаумен қамтамасыз етiлдi. Мектептердiң көлiк паркi 43 автобуспен жаңарды. 231 мектепке жиһаз және 324 мектепке спорт құралдары алынды. Компьютерлер жаңартылуда. Соңғы үш жылда 1 600 компьютер сатып алынды. Биыл карантин кезiнде үнемдеу есебiнен 580 компьютер алынып, оқушыларға таратылды. Оған қоса, тағы 14 мың бiрлiк техника аламыз. Оның ішінде ноутбуктар, компьютерлер және планшеттер болады", – деді Құмар Ақсақалов жаңа оқу жылына арналған брифингте.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу