Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 3 адам тірідей жанып кетті

128

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.   

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 3 адам тірідей жанып кетті Фото: egemen.kz

Кеше кешкісін Солтүстік Қазақстан облысының М. Жұмабаев ауданына қарасты Полтавка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына келген құтқарушылар үйдің толығымен ашық жалынға оранғанын анықтаған.

Өртті сөндіру барысында үш адамның мәйіті табылды – олардың бірі 1968 жылы туған әйел, екеуі – 1981 және 1979 жылы туған ер адамдар.

Өрт 40 шаршы метр аумақта өшірілді. Операцияға ТЖД-ның 8 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу