Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі әйелді қағып кетті

126

Марқұмның артында баласы қалды.

Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі әйелді қағып кетті Фото: бейнежазбадан

8 шілде күні түнде Солтүстік Қазақстан облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бескөл ауылының маңында жолдан жүгіріп өтпек болған әйелді жүк көлігі қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Әйел бағдаршамның рұқсат етілмеген шамына қарамастан жолға шыққан. Сол сәтте қатты жылдамдықпен келе жатқан "DAF" маркалы жүк көлігі оны қағып кеткен.

Алғашында жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалғанымен, кейін тоқтап, полиция қызметкерлерінің келуін күткен.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 33 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу