Солтүстік Қазақстан Шахан кентіне көмек көрсетті

776

Солтүстік Қазақстан Шахан кентіне көмек көрсетті

Солтүстік Қазақстаннан Қарағанды облысына көмек керуені жөнелтілді, деп хабарлайды 24Хабар.

Жергілікті жұрт Шахан кентінде болған қайғылы оқиғаға ортақтасып, азық-түлік, киім-кешек жинаған. Жүк көліктеріне ет, ұн, сары май, сұйық май, макарон және тағы басқа өнімдер тиелді. Бұл кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындардың көмегі. Қол ұшын созғандар қаза тапқандардың туған-туысқандарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілейді.

Естеріңізге сала кетейік, Шахан кентіндегі жағдайға байланысты Қарағанды облысында қайырымдылық қоры ашылған болатын. Алтынбек Абдоллаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: - Қала тұрғындары, сонымен қатар ауылшаруашылық, қайта өңдеу құрылымдары – барлығы Қарағандыда болып жатқан қайғылы оқиғаға шетте қалмай, бір кісідей бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып дегендей, қиын-қыстау уақытта көмек көрсетіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу